Басшылық

Өтеуов Асылбек Айбекұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетін аяқтаған.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы-шаруашылығы жұмыс бөлімінің статисті болып бастаған.
2011-2013 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы-шаруашылығы жұмыс бөлімінің құқықтық мәселелері және іс-қағаздармен жұмыс жөніндегі бас маманы, 2013-2017 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы. 2017-2018 жылдары Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылғы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі. 2018 жылдан бастап Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болып қызмет етті.